Іс - шаралар жоспары аясында "Оқуға құштар мектеп - ұлт оқырманы", сондай-ақ рухани-адамгершілік және зияткерлік дамудың шарттарының бірі ретінде оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру мақсатында 4-сыныпта "Оқимыз, сурет саламыз" тақырыбында оқылған кітаптар бойынша шығармашылық суреттер байқауы өткізілді. Байқауға қатыса отырып, балалар О.Т. Тұрманжановтың "Ақ түйе", Г. Троепольскийдің "Белый Бим Черное ухо", "Алдар - Көсе", "Қамбар батыр", Х. К. Андерсеннің "Жабайы аққулар" және т. б. шығармаларын суреттеді.
"Елецкий орта мектебі" КММ 9 және 11 сынып түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында педагог - кәсіптік бағдар беруші К.В. Горохводацкая Саумалкөл ауылының Агротехникалық колледжіне ашық есік күніне 9 және 11 сынып оқушыларының шығуын ұйымдастырды.
13 сәуірде "Елецкий орта мектебі" КММ - де жаратылыстану және география пәнінің мұғалімі Т. Н.Горбачева "Ғылым күні" квест-ойынын дайындап, өткізді. Оқушылар таңдау арқылы екі топқа бөлінді: "Ғалымдар" және "Атомдар". Командалар викториналар мен блиц - сауалнамаға қатысты. Нәтижесінде "Ғалымдар" командасы жеңіске жетті.
1961 жылы 12 сәуірде "Восток" кемесінде КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы Юрий Алексеевич Гагарин ғарыш кеңістігіне әлемдегі алғашқы адам басқаратын ұшуды жасады. Кеме Мәскеу уақытымен 9 сағат 7 минутта кеңестік "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылды. Ғарыш күнін мерекелеу құрметіне сынып жетекшілері тақырыптық сынып сағаттарын өткізді.
10 мен 14 сәуір аралығында "Елецкий орта мектебі"КММ -де мектеп кітапханасында "О сколько нам открытий чудных" атты кітап көрмесі рәсімделді. Бұл көрме екі мерекені Ғалымдар күні мен Космонавтар күнін біріктірді.
Бүгін "Елецкий орта мектебі" КММ - де 7 сынып оқушылары география мен естествознания мұғалімі Т.Н.Горбачевамен Оқырман мектебі бағдарламасы қарсаңында "Күн системасы бойынша саяхат" бойынша интерактивті тақтаға дайындады. Жұмыс уақытында оқушылар планетадағы күн системасы жөнінде көптеген қызықты мәліметтер алды интерактивті баннер рәсімдеп және ақпарат дайындады барлық оқушыларды қызықтырды.